
14.09.2021 ж Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде тілдер мерекесіне орай 21-06 тобының топ жетекшісі Ж.М.Зейлбекова “Білімді ұрпақ – ел тірегі” тақырыбында сабақтан тыс сайыс сабағын өткізді.Мақсаты: Тәуелсіз елімізде сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.Сайыс сабақ 5 кезеңнен тұрды. “Үш тілде сұрақ-жауаптар, өлең, мақал-мәтелдер сайысымен өткізілді. Сайыс барысында оқушылар белсене қатысып, тілге деген құрметтерін көрсете білді.