
Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде 30 мамыр күні АЭ9-24-07, КО9-24-16 тобының білім алушыларымен “Біз – жастар нашақорлыққа қарсымыз!” атты тақырыпта ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттерден сақтандыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Шара барысында колледж медбикесі Қ.Әбжаппар және педагог-психологы Г.Есенгелдиева нашақорлықтың адам ағзасына, психикалық денсаулыққа және болашақ өмірге тигізер кері әсері туралы терең әрі маңызды ақпараттармен бөлісті. Білім алушылар тақырыпқа белсенді араласып, өз ойларын ортаға салды, сұрақтар қойып, саналы өмір сүру жайында ой түйді. Түсіндіру жұмысы жастардың зиянды әдеттерден бойын аулақ салып, денсаулықты басты құндылық ретінде бағалауға себеп болды. Мұндай іс-шаралар – тек ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар жастардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үйрететін маңызды қадам. Колледж жастары салауатты өмір салтын таңдайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.