
2025 жыл 28-ші сәуір күні Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі мен Корея Республикасы Сеул қаласында орналасқан Induk University арасында кәсіптік және техникалық білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында Induk University Халықаралық тәжірибе алмасу орталығының директоры Ли Ханна және Чон Иль Ён, Induk University үздіксіз білім беру институтының жетекшісіне колледждің білім беру бағдарламалары, білім беру ресурстары, жетістіктері, кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстары көрсетілді.
Іскерлік кездесуге қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты нығайту, академиялық ұтқырлықты дамыту, теориялық білімді тәжірибемен ұштастырылған білім бағдарламаларын әзірлеу және оны жүзеге асыру, кәсіби тәжірибе алмасу, студенттерді мамандықтары бойынша Корея елінде кәсіптік тәжірибеден өткізу және тілдік қолдау көрсету, педагогтердің өндірістік орындарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бағыттары бойынша іс-тәжірибе, ұсыныстарымен бөлісіп, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар, бірлескен жобалар нақтыланды.