
🚗 ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫҚ! 🛠️🥈
⠀
WorldSkills Turkistan – 2025 чемпионаты аясында “Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету” құзіреттілігі бойынша бәсекеге түскен 22 колледждің ішінен суырылып алға шыққан колледжіміздің мақтанышы — Балтабаев Шакирбек!
⠀
🔧 Үш модульден тұратын күрделі жарыста Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің студенті 2-орынды иеленіп, колледжіміздің абыройын асқақтатып қайтты!
⠀
💪 Бұл – табандылықтың, білімнің, техникалық шеберліктің жеңісі!
⠀
📣 Саған тек жеңіс тілейміз, Шакирбек! Әлі талай биік белестер алдыңда!
Кәсіби шеберлігін шыңдауға атсалысқан Ахмедов Афиз, Сыпатаев Асылбек, Даулетов Талғат ағайларына үлкен алғыс! Еңбектері жана берсін!
⠀