
08.11.2024ж. “Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде студенттерге арналған «Лудомания – ойынқұмарлықтың алдын алу» тақырыбында Жастар Ресурстық орталығының психологы Айзада Үсенқызымен бірлесе отырып 1-курс студенттерімен маңызды тренинг-семинар өтті. Тренинг-семинарда ойынқұмарлықтың зиянды салдары туралы айтылып, оның психологиялық әсері және алдын алу жолдары талқыланып, білім алушыларды ойынқұмарлықтан сақтау, алдын алу мақсатында өткізілді.
