
11.11.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде проекциялық және дыбыстық құрылғылар орнатылған арнайы лингафонды дәрісхана жан басына шаққандағы қаржыны үнемдеу есебінен құны 5 656 300 тг болатын лингафон кабинеті жабдықталып, ашылды. Мұндай жабдық аудиовизуалды оқыту әдісін жүзеге асыру мақсатында өте қолайлы. Әр түрлі жұмыс түрлерін қолдану: топтық, жеке, жұптық. Тілдік жабдық оқытудың әртүрлі кезеңдерінде жұмыс істеуге жарамды. Осындай сабақтардың арқасында оқу-тәрбие процесінің тиімділігі жүзеге асады, өйткені аз уақытта үлкен нәтижелерге қол жеткізе алады.
