
05.11.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде педагог-психолог Г.Есенгелдиева және медбике Қ.Әбжаппар «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында 1-курс білім алушы қыздар арасында тренинг-кездесу өткізді. Мақсаты: «Қызға қырық үйден тыйым» деген аталы сөздің мән-мағанасын түсіндіріп, әр қыздың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын, әдепті болуын және абыройын сақтауға бағытталған тәрбиенің бір көрінісі екенін түсіндіру сонымен қатар өз қадірін білуіне және құрметке ие болуына негіз болып, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеп, әр қазақ қызы өз қадір-қасиетін біліп, дәстүрімізді ұмытпай, тыйым сөздердің мәнін жүрегінде сақтауы маңызды екенін түсіндірді.
