
Үкімет бағдарламасына сәйкес Түркістан облысына 2023-2024 оқу жылына 15300 грант бөлінді. Шымкент қаласында орналасқан “Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі” МКҚК 685 грант 9-сынып бітірген негізгі орта білімді азаматтар, 125 грант 10-айлық оқу мерзімімен орта білімді азаматтарды қабылдайды.Құрметті талапкерлер, осындай мүмкіндіктерден қалып кетпеңіздер! Оқуға шақырамыз, келіңіздер. Құжат тапсыру 20 маусымнан басталды.