Автомобиль кранының машинисі

20.06.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің “Автомобиль кранының машинисі” біліктілігі бойынша бітіруші 20-02, 20-03 тобының білім алушылары WSK стандарттары бойынша демонстрациялық емтиханды ЖШС «DALA СONSTRUCTION.KZ» базасында тапсырды. Колледж білім алушылары Кранды орнату, жебені шығару, жұмысқа дайындық, жүкті бекіту, жүкті көтеру және жылжыту сияқты жұмыстарды қамтитын 2 модульді орындады. Жұмыс барысында өндірістік оқыту шебері Е.Турнияз қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулықпен таныстырды. Ал, тәлімгер А.Ахмедов демонстрациялық емтиханды өткізудің міндеттері мен шарттарын түсіндіріп, бағалау критерийлері мен бағалаудың әр кезеңі туралы айтып берді. Комиссия мүшелері И.Ш.Мухамедиянов, М.К.Ахмедов және М.Мизамов болашақ маман иелеріне тек қана жоғарыдан көрініп, өз маманының иегері болуына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *