
30.06.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде “СӘТ САПАР, ЖАС МАМАН-2023” атты диплом табыстау рәсімі өтті. Білім алған жастар колдарына мемлекеттік үлгідегі дипломдарын алды. Алғаш болып құттықтау сөзді алған колледж директоры Ибраимкулов Канат Кадырович барлық түлектерді құттықтап, оларға ақ жол тіледі. Мерекелік іс-шараға келген ата-аналар колледж әкімшілігіне және түлектерге алғыс сөздерін айтып, зор денсаулық пен жарқын болашақ тіледі.Үздік үлгіде диплом алған түлектер білім ордасына алғыстарын айтып, ұстаздарға деген құрметтерін білдірді.Диплом табыстау рәсімін колледжіміздің Студенттік кеңестің ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт толықтыра түсті. СӘТ САПАР СІЗДЕРГЕ ЖАС МАМАН!