
17.03.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз- Наурыз!» мерекелік іс-шара өтті. Айтулы мерекені колледж директорының міндетін атқарушы О.В.Лачилова ашып беріп, наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған байқауларға қатысқан топтарды марапатады. Мерекелік іс-шара жастардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.«Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Бұл мереке әрі жаңа жыл болып саналады. Жылдың төрт мезгіліндегі, көктем мезгілі – бүкіл тіршілік атаулының жанданатын, жаңарып түлейтін кезеңі. Сондықтан күн мен түн теңесіп, тіршілік атаулы «ұйқысынан оянып», қайта түлейтін осы наурыз айы – жыл басы болып есептеледі. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Наурыз мейрамы құтты болсын!