09.04.2025ж Ғылым және жастар студенттік конференциясы.

9.04.2025ж күні “Жұмысшы мамандықтар жылына” арналған Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі «Экономикалық, ақпараттық, сандық технологиялар және электромонтер» пәндік циклдық комиссиясының білім алушылары арасында дарынды студенттерді іріктеп, ғылыми-тәжірибелік қолдау көрсету мақсатында «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАСТАР» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция барысында жас зерттеушілер өздерінің ғылыми жобаларын ұсынып, маңызды тақырыптарды талқылады.
«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАСТАР» студенттік конференциясы барысында студенттердің белсенділігі жоғары деңгейде өтті. Олар өз жобаларын сенімді түрде қорғап, тың идеяларымен, зерттеуге деген қызығушылықтарымен ерекшеленді.
«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАСТАР» студенттік конференциясы аясында үздік баяндамалар анықталды. Қазылар алқасы жобалардың өзектілігіне және студенттің жұмысына қарай, жеңімпаздарды марапаттауға төмендегі орындар бойынша ұсынды:
I орын: КО 9 23-23р тобының студенті Алиев Икрам және Сурков Андрей, ғылыми жетекшісі Усербаева Назым
II орын: КО 9 23-21 тобының студенті Сейтқасым Азамат, ғылыми жетекшісі Турабаев Оразхан
III орын: КО 9 23-20 тобының студенті Оразбай Аружан, ғылыми жетекшісі Бурханова Маржан.
«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАСТАР» студенттік конференциясы студенттердің қызығушылығын арттырып, білімін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ғылымға деген ынтасы үшін алғыс білдіреміз!

Жұмысшы_мамандықтар_жылы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *