04.02.2025 Өз қорқынышыңды басқару тақырыбында тренинг кездесу

04.02.2025 ж.Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде әлеуметтік педагог Қ.Әлмұрат пен педагог-психолог Г.Есенгелдиеваның ұйымдастыруымен АЭ9-24-05 тобының білім алушыларымен “Бір тұтас тәрбие бағдарламасы” аясында “Өз қорқынышыңды басқару” тақырыбында тренинг-кездесу өтті. Тренинг мақсаты білім алушылардың қорқыныш пен үрей сезімдерін терең түсініп, оларды жеңу жолдарын меңгеруіне көмектесу, сенімділік пен өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту.Білім алушыларға қорқыныштың психологиялық және физиологиялық әсерлері түсіндірілді. Ішкі күйзелісті басқару және стресске төзімділікті арттыру әдістері үйретілді. Білім алушылар өз қорқыныштарын ашық айтып, оларды жеңу жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді.
Тренинг барысында білім алушылар өз эмоцияларын басқару тәсілдерін меңгеріп, сенімділік пен төзімділік дағдыларын қалыптастырды. Бұл кездесу білім алушылардың эмоционалды тұрақтылығын нығайтып, болашақта қиындықтарды жеңу қабілеттерін дамытуға оң әсер етеді деген сенімдеміз!
Өзіңді жеңу – үлкен жеңіс!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *