
17.01.2025 Колледж білім алушыларына көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары жайлы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті. Осыған орай, Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі білім алушыларын жан-жақты қолдау мақсатында бірқатар әлеуметтік шараларды жүзеге асыруда.
2024-2025 оқу жылында «Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжіне» мемлекеттік тапсырыс негізінде 875 білім гранты бөлініп, қазіргі уақытта колледждегі жалпы контингент саны 1658 білім алушыны қамтиды.
📌 Әлеуметтік қолдау шаралары:
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға қолдау:
Мемлекет тағайындаған жоғарылатылған шәкіртақы уақытылы төленеді. Сонымен қатар, жылына екі рет әр жетім балаға 200 мың теңгеден астам қаржы арнайы киім-кешектер үшін бөлінеді. - Ыстық тамақпен қамту:
Колледжде білім алушыларға күнделікті бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Әсіресе, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін бұл қолдау үлкен маңызға ие. - Шәкіртақы екі есеге өсті және ол 43 683 теңгені құрайды.
- Психологиялық көмек:
Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында колледжде штаттық негізде психолог жұмыс жасайды. Оқу жылы басталғаннан бері психолог студенттерге жеке және топтық консультациялар ұйымдастырып, эмоционалдық тұрақтылықты сақтауға көмектесуде. - Денсаулық сақтау қызметі:
Колледжде тұрақты түрде медбике қызмет көрсетеді. Ол білім алушылардың денсаулығын қадағалап, қажетті жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетеді және денсаулыққа қатысты кеңестер береді.
📌 Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы:
Колледжде «Ізгілік елшілері» атты волонтерлер ұйымы белсенді жұмыс істейді. Бұл ұйымның мүшелері өз бастамаларымен жетім балалар үйіне барып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, тәттілер мен сыйлықтар таратты. Мұндай игі істер студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
📌 Практикалық қолдау:
Колледжде білім алушыларға кәсіби тәжірибе алуға барлық жағдай жасалған. Сенімгерлік басқару аясында «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС мекемесімен тығыз байланыс орнатылған және тағы «TBUS» ЖШС, «СИТИ СТРОЙ» ЖШС, «ОТАУ СТРОЙ» ЖШС, «РАДУГА-ТРАНСПОРТ» ЖШС сияқты ірі компаниялармен келісім шартқа қол қойылған. Құрылысшы, автоэлектрик, автослесарь мамандықтарында білім алатын студенттер мекеме базасында тәжірибеден өтіп, жоғары дәрежедегі мамандардың жетекшілігімен өз дағдыларын шыңдайды.
📌 Президент тапсырмаларын іске асыру:
Колледж ұжымы мен серіктес мекемелер бірігіп, білім алушылардың сапалы білім алып, әлеуметтік қолдау шараларын толыққанды сезінуі үшін барлық мүмкіндікті жасауда. Бұл бастамалар олардың бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жол ашады.
📌 Біздің міндетіміз – сапалы білім берумен қатар, әрбір студентке әлеуметтік қолдау көрсету арқылы болашаққа сеніммен қадам басуға жағдай жасау!
