
22.01.2025 ж.Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің медбикесі Қ.Әбжаппар мен колледж психологы Г.Есенгелдиева және биология пәнінің мұғалімі М.Альменбетова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Тәжібай “Қалыпты физиология және анатомия әлеміне саяхат” тақырыбында флешмоб ұйымдастырды.
Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы-денсаулықты сақтаудың басты жолдары-зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.