
24.12-27.12 жж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі “Құрылыс, дизайн, тігінші және жиһаз” ПЦК 2024 жылы 24-27 желтоқсан айы аралығында “Оқу процесінде оқытудың жаңа технологиялық әдістерін қолдана отырып, білім сапасын арттыру және мамандарды даярлау” тақырыбындағы апталықтың ашылу өтті.
Мақсаты: Оқытушылардың кәсіби шеберліктерін арттыру және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптері мен әдістерін жүзеге асыру.
Міндеттері: оқу үрдісіндегі жаңа технологияларды кеңінен қолдану;
студенттердің шығармашылық ізденістері арқылы білім сапасын арттыру;
озық тәжірибиелерімен бөлісу;
9-19 қараша айы аралығында Астана қ. IX Республикалық “WorldSkills Kazakhstan” 2024 ж “Кірпіш қалау” құзіреттілігі бойынша Г.Е.Мамырова шебер сыныбын өткізді.
“Жаңа форматтағы маманды қалыптастырудың интеллектуалдық дағдылар” Е.В.Табакова.
“Психологиялық механизмдермен жастарға эстетикалық тәрбие беру” Е.В.Лунина
Халықаралық аккредиттеуден өткен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің жұмысымен тәжіребие алмасу тақырыбында Е.В.Шереметьева.
”Биіктікте және баспалдақпен жұмыс істеу ережелері” бойынша Р.С.Борибекова.
