
13.12.2024 Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің физика пәнінің оқытушысы Г.М.Сарыбаева және Есептеу техникасы, арнайы пән оқытушысы О.Ж.Турабаев Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Мақтаарал ауданындағы Мақтаарал аграрлық колледжінің 100 жылдығына орай ТжКБ ұйымдарының оқытушылары арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылығы аясында өткізілген «Еңбек нарығындағы жоғары кәсіби дағдылар мен бәсекеге қабілетті маман дайындауда цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияда «Цифрлық технологияларды қолданудағы үздік баяндамашы» номинациясына ие болғаны үшін марапатталды. Оқытушыларымыз конференцияға жоғары деңгейде атсалысқандығына алғыс білдіре отырып, жұмыстарына шығармашылық табыстар тілейміз!
