
23.09.2024 ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің медбикесі Қ.Әбжаппар мен әлеуметтік-педагог Қ.Әлмұрат және Шымкент қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мен студенттер арасында «Аутодеструктивті міңез-құлықтың алдын алу» жастар арасында денсаулық сақтайтын жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың алдын алу тақырында психологиялық семинар тренинг өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау институты ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты- студенттердің психологиялық сауатын арттыру арқылы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға семинар-тренинг барысында психолог маман Айсулу Полатовна, психологиялық техникаларды қолдана отырып, позитивті ойлау қабілетін жетілдіру, әлеуметтік ортада әртүрлі мәселелерге тап болған жағдайда, оңтайлы шешу жолдарында көз қарасын кеңейту, өз өміріне қатысты жауапкершілікті арттыру бойынша дағдыларды қалыптастырды.
Сондай-ақ, студенттер өзіндік мақсаттары, құндылықтары туралы әңгімелеп, кері байланыс орнатылды.
