Ерте жүктілік пен оның зардабы

13.09.2024 ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде директорының ТІЖ орынбасары С.П.Шайхыбекова мен колледж медбикесі Қ.Х.Әбжаппар қыздармен ерте жүктілік пен оның зардабы туралы қыздарға тазалық саулық кепілі екендігін, жеке бас гигиенасын сақтап жүруге шақырды. Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. Ерте жыныстық қатынасқа түскен көптеген жасөспірім қыздар ерте жүкті болып қалып, өзін де, ата-анасын да қайғы-мұңға батыруда. Олардың арасында ар-ұяттан айырылып, жезөкшелік жолға түсіп жатқандары да қаншама. Бұл – қазақ үшін ұлттық қасірет. Қазір қоғамымызда жайылып келе жатқан бұл індетпен көп болып күресейік, ағайын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *