
17.05.2024ж. күні облыстық “Worldskills Turkestan- 2024” кәсіби шеберлік чемпионаты өңірлік кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Кәсіби шеберлік сайысында колледждің білім алушыларымыз 11 құзыреттілік бойынша қатысып, бақтарын сынады. Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі орындарымыз анықталып, жеңімпаздар аталды:“Кірпіш қалау” құзыреттілігі бойынша Жалолов Нурдавлат І-орын алып, Алтын медаль иеленді, жетекшісі – Тузелбаев Базарбай;
“Жеңіл автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу” құзыреттілігі бойынша Балтабаев Шакирбек ІІ-орын алып, Күміс медаль иеленді, жетекшісі – Сыпатаев Асылбек;
“Шанақ жұмыстары” құзыреттілігі бойынша Абдусолихов Бауыржан ІІІ-орын алып, Қола медаль иеленді, жетекшісі – Байкулаков Нұржан;
“Графикалық дизайн” құзыреттілігі бойынша Сарсенбай Ерасыл өз шеберлігін көрсетіп, медальон иеленді, жетекшісі – Аяпбергенова Алмагул;
“WEB технологиясы ” құзыреттілігі бойынша Мирзаев Ботиржон өз шеберлігін көрсетіп, медальон иеленді, жетекшісі – Дюсебаева Жансая; Әріптестеріміз бен қатысушыларымыздың шеберліктері шыңдала берсін, талантты білім алушыларымыз көп болғай!