Т-BUS қызығушылықтарын танытып, алдағы уақытта жұмысқа орналасуға талпынуда

26.04.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің АС9-23-10 тобының студенттері колледждің оқу шеберханасында және келісім-шарт негізінде «Т-BUS» ЖШС мекемесінде өндірістік оқыту шебері Тулебаев Базарбай және әлеуметтік серіктестік мекемеден қабылданған маман Әшірбек Нұрсұлтан Әзімұлының жетекшілігімен аталған топтың білім алушыларына өндірістік іс-тәжірибе өткізуде. Өз біліктіліктер студенттер өз тараптарынан мекеменің үлкен мүмкіншіліктерін көріп, қызығушылықтарын танытып, алдағы уақытта жұмысқа орналасуға талпынуда. Еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандықтың қыр-сырымен осы тәжірибе кезінде танысып, өз істерін ұқыптылықпен үйренуде. «Т-BUS» ЖШС-нің өндірістік басшысы Әшірбек Нұрсұлтан Әзімұлы мекемедегі жаңа қондырғылар мен автобекеттің жұмысымен таныстырып қана қоймай, шебер-сынып көрсете отырып, студенттердің өздеріне де жұмыс жасауға мүмкіндік беріп отыр. Олар үшін бұл өндірістік тәжірибе үлкен сабақ болып, алдағы уақытта білікті маман болып қалыптасуларына үлкен бағдар екендігі айқын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *