
22.04.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің 2024-2025 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Е.Сыздыков №89, №138 ЖОББМ-нің 9-шы, 11-ші сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Кәсіптік бағдарлау – бұл жастарға кәсібін таңдауда қабілеттері мен бейімдерін, кәсіби және танымдық кызығушылықтарын анықтау. Кәсіптік бағдар беру – еліміздің халық шаруашылығындағы, жекелеген салалардағы, экономикалық аймақтағы еңбек ресурстарын бөлу қажеттілігін қанағаттандыра отырып, әрбір тұлғаның жеке-дара ерекшеліктерін ескеруді талап ететін, әрі жастарды таңдаған кәсібіне еркін жене өз еркімен дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі. Болашақ елімізде жұмысшы мамандарға сұраныс зор екендігін атап өтті және оқу орнымызға білім алуға шақырды. Оқушылар колледж туралы мағлұматтар алды.