Қыз баланың бой жетуі

26.03.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде «Қыз баланың бой жетуі» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналысты колледж медбикесі Қ.Әбжаппар мен колледж психологы А.Тураеваның ұйымдастыруымен колледждің қыз балаларының арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Колледж медбикесі Қ.Әбжаппар етекір кезіндегі болатын ағзадағы физиологиялық өзгерістер жайында, сонымен қатар жыныстық қатынас туралы сөз қозғады. «Ерте жүктілік несімен қауіпті?» және «Қажетсіз жүктіліктен қалай сақтану керек?» туралы сұрақтар қозғалды. Сонымен бірге, аталған іс-шараға қатысты білім алушы қыздарға бейнебаян көрсетілді. Колледж психологы А.Тураева қызды қырық үйден тыйым туралы қыздарға түсіндіріп өтті. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, білім алушылар жақсы көңіл-күймен тарады#ертежүктілік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *