
23.02.2024ж. Еңбекші және Қаратау аудандардың қорғаныс істер жөніндегі баскарма майор Шотбаев Мухамедәлі жасақтау бөлім бастығы, Сафаралиев Нурлан зерделеу және шақыру пункт инспекторларымен, Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің “Жас сарбаз” клубының жетекшісі А.Алпейісов колледж білім алушыларына кездесу ұйымдастырды.Кездесудің мақсаты: «Жас сарбаз» клубының студенттеріне әскери есепке тіркелу ережелерін түсіндіру болып табылады. Кездесу барысында 17 жасқа толған ер балалар міндетті түрде әскери есепке тұрып, Отан алдындағы борышын өтеуге дайын болу керектігі айтылды. ҚР әрбір азаматының басты міндеті—Отанымызды қорғау, елге қызмет ету екендігі ерекше аталып өтті. Жастарымызды туған жерді қорғаудан қашпай, керісінше әскерге барып, қызметін өтеп, жауапкершілікті сезінуге шақырды. Мемлекеттік әскери оқу орындарында оқуға, білімін тереңдетуге мол мүмкіндіктер барын атап кетті. Студент жастар үшін «Жас сарбаз» клубымен өткізілген кездесудің маңызы зор болмақ.