Ақпараттық-коммуникациялық, сандық технологияларды қолдану және электромонтер

19.02.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі компьютерлік сауаттылықты дамыту, педагогтердің шеберлігін шыңдау және өзара тәжірибе алмасу, үздік ашық сабақтарды насихаттау мақсатында 19.02-28.02.2024ж. күндер аралығында әдістемелік жұмыстардың жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Ақпараттық-коммуникациялық, сандық технологияларды қолдану және электромонтер» ПЦК ның онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Осыған орай, білім алушылардың дайындаған қабырға газеттерінен көрме ұйымдастырылған. Ашылуында ПЦК оқытушылары өз жұмыстарының есебін көрсете отырып, жас мамандарға біліктіліктің ерекшеліктерін таныстырып өтті. Түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды ойын түрінде келтіріп, іс-шараға қатысушы оқытушылардың ынтамен орындауларын назарға алған. Іс-шара барысында ІТ саласынан қызықты ақпараттар алып, апталықтың алдағы бағдарламасымен танысып, қатысуға қызығушылық танытты. ПЦК жетекшісі Дюсебаева Жансая Рысбайқызының ұйымдастыруымен бастау алған онкүндікте ашық және сайыс сабақтар, шебер сыныптарды көрсету жоспарланған. Әріптестерімізге сәттілік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *