
08.01.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шайхыбекова, АЭ9-22-11 тобының топ жетекшісі Б.Молдабековпен сабаққа келмей жүрген білім алушылардың үйіне кезекті рейттік жұмыс атқарды. Сабаққа жиі келмей жүрген білім алушылардың отбасылық жағдайы, тыныс тіршілігімен танысып, ата аналармен жеке сөйлесіп, білім алушылар сабақтан қалмау қажеттілігін және сабақтан қалған жағдайда заң алдындағы жауапкершіліктері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.