Құрылыс және дизайн

22.12.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің «Құрылыс» саласы бойынша облыстық құзіреттілік орталықтың жылдық жоспарына сәйкес «Құрылыс және дизайн» ПЦК-ның арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің ұйымдастыруымен тәжірибелік семинар болып өтті. Семинарды ПЦК төрағасы М.Байболаева ашып, мақсатымен таныстырып өтті. Семинардың бағдарламасына сәйкес оқу өндірістік шебері Е.Табакова «Сылау және әрлеу жұмыстары» құзіреттілігі бойынша тапсырманың ерекшеліктерімен таныстырып, қатысушының чемпионаттан алған әсерімен бөлісті. Арнайы пән оқытушысы Е.Лунина чемпионат тапсырмаларын оқу жұмыстық бағдарламаның критерийлеріне енгізіп, ары қарай дұрыс бағытта жұмыс жасаудың реттілігімен таныстырды. Жас мамандарға WorldSkills чемпионатының шеберлікті шыңдайтын бірден бір байқау екендігін түсіндіріп, қатысуға шақырды. Өндірістік оқыту шеберлері: М.Нажиметов «Қазіргі заманғы құрылыс материалдары» тақырыбында қазіргі кезеңдегі құрылыс материалдарының ерекшеліктерін баяндады. Өндірістік оқыту шебері Е.Шереметьева «Дизайн. Қағаз бұйымдарынан заттарды жасау» тақырыбында жоғарғы деңгейде шебер-сынып өтті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *