
15.12.2023ж. Жаратылыстану және экономикалық ПЦК апталығының жоспарына сай Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің 1 курс 23-04 тобымен биология пәнінің оқытушысы М.Жарас «Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы және қызметі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жарас Мадина Баймаханқызы білім алушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және ынталандыру мақсатында ашық сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды тиімді пайдаланды. Сабақ барысында оқытушының дайындаған түрлі тапсырмалары білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға адам гемоглобині мен миоглобин қызметін, құрылысын түсіндірді. Білім алушылар пазл құрап, сабақты қызықты өткізді. Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі.