
08.12.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледж медбикелері Қ.Шораева және Қ.Әбжаппар колледж студенттеріне Ауа арқылы жұғатын, жұқпалы аурулардың алдын-алу туралы, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. – Жылы киіну- Имунитетті көтеру- Витаминге бай тағамдар пайдалану. – Ауырған жағдайда дәрігерге көріну.Жұқпалы аурулар ең көп таралған аурулар болып табылады. Жұқпалы ауру жағдайларының едәуір бөлігі ауа-тамшылы жұқпалар тобына жатады, ең алдымен жіті респираторлық вирусты жұқпалар (ЖРВИ) мен тұмау.Саламатты өмір салты, толыққанды ұйқы, дұрыс тамақтану ағзаның қорғаныс күшін арттырады және тиісінше, жұқтыру қаупін төмендетеді, ал егер ауру пайда болған болса, онда жақсы иммундық жүйесі бар ағза ауруды тез арада жеңеді.