
03.12.2023ж. Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы, «Техникалық және кәсіптік білім беру» кафедрасының ұйымдастыруымен, 2023 жылдың қараша айының 30 күні, Шымкент қаласындағы Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі базасында педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері ТжКББ ұйымдарының қазақ тілі, жаратылыстану, орыс тілі пәндері педагогтеріне «Педагогтың зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study» курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстарын өткізді.Мақсаты: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі, жаратылыстану, орыс тілі пәндері педагогтеріне сабақты зерттеу тәсілдерін сабаққа енгізу жолдарын, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың тиімді әдістерін, оқытудың заманауи педагогикалық тәсілдері және технологияларын сабақтарға ендіру бойынша әдістемелік көмек беру.
Қазақ тілі пәні оқытушыларына «Оқыту үдерісін тиімді жоспарлау жолдары» тақырыбында педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Нуржаутов Сакен Даутбекович, Омарова Несіпкүл Нартайқызы сабақты тиімді жоспарлау бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Жаратылыстану пәні оқытушыларына «Сабақты зерттеу үдерісін тәжірибеге енгізу жолдары мен кезеңдері» тақырыбында педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Купешова Асия Жаншораевна, Сапарбаева Замира Абдикадировна сабақты зерттеуді тәжірибеге енгізу жолдарын көрсетті.
Орыс тілі пәні оқытушыларына “Исследование урока – процесс профессионального образования” тақырыбында педагогикалық шеберлік орталығының тренері Байсеитова Умиткуль Джумабековна сабақты зерттеудің жаңа заманауи әдіс-тәсілдерімен таныстырды.