
08.11.2023ж. күні Түркістан Индустриалды құрылыс колледжі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен “Жас маман” мектебінің жылдық жоспарына сай колледждің озық тәжірибелі математика пәнінің оқытушысы Нурметова Раушан Абылайқызы 22-14 тобында “Дұрыс көпжақтар” тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақты ұйымдастырудағы мақсат-колледждегі жас мамандарды тәжірибелі оқытушының әдіс-тәсілімен таныстырып, педагогтік қызметке баулу болып табылады. Р.Нурметова математика пәні мен мамандықтың арасындағы байланысты айқын көрсете білді. Осы орайда “Жас маман” мектебінің жұмыстарының жандануына өз үлесін қосқаны үшін Раушан Абылайқызына алғысымызды білдіреміз.