
03.11.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің педагог-психологы А.Тураева, әлеуметтік педагогы Қ.Әлмұрат ЭД9-23-05, АЭ9-23-10 топтарының білім алушыларына “Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллингті алдын алу” тақырыбында семинар-тренинг, кездесу ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Білім алушылар арасындағы етек жайып бара жатқан буллингті алдын алу, білім алушылардың буллингке қарсы тұру қасиеттерін үйренуге жағдай жасау. Міндеттері: Білім алушыларды өмірде кездесетін буллинг түрлерімен таныстыру. Жеке тұлғаға буллинг және кибербуллингке қарсы тұру туралы білім алуына қолайлы жағдай туғызатын оқу процесін ұйымдастыру. Білім алушылардың буллингке деген қарсы көзқарастарын қалыптастыру және адамгершілік қасиеттерін дамыту. Тренинг барысында сауалнама алынып, психологиялық жаттығулар жасалды.