Әдептілік- тәрбие бастауы

31.10.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің педагог-психологы А.Тураева, әлеуметтік педагогы Қ.Әлмұрат АЭ 9-23-09 тобының студенттеріне “Әдептілік- тәрбие бастауы” тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Мақсаты: Білім алушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Тренинг барысында “Өрмекші торы”, “Шар” жаттығулары қолданылды. Бұл тамаша жаттығулар білім алушылардың арасындағы жақсы қарым-қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Осы жаттығуларда қатысушылар маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *