Суицидтің алдын алу

26.10.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің педагог-психологы А.Тураева, әлеуметтік педагогы Қ.Әлмұрат КО9-23-21 тобының студенттеріне “Суицидтің алдын алу” бойынша кездесу ұйымдастырып өткізді. 1 курс білім алушыларының психикалық күйін, қобалжу, үрей, агрессиялық деңгейін анықтау мақсатында, Айзенктің темпераментті анықтауға арналған тесті алынды. Холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик секілді темпераменттер негізіндегі тест білім алушының эмоционалдық төзімділігін көрсетеді. Тестті өту барысында шынайы жауап беру керектігі ескертілді. Мақсаты: Қатысушылардың психикалық күйін мойындауға немесе жоққа шығаруға, сонымен қатар қобалжу, фрустация, агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Тест нәтижесі бойынша 524 білім алушы қатысып, холерик – 330, сангвиник – 37, флегматик – 132, меланхолик -25 анықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *