
16.05.2023ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ «Техникалық және кәсіптік білім беру» кафедрасы жоспарына сәйкес «Халықаралық WorldSkills стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтиханды өткізу тәртібі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: Worldskills чемпионаты стандарттарына сәйкес нақты қызметтерді және өндірістік процестерді модельдеу жағдайында бітірушілердің тәжірибелік біліктілік пен дағдыларының деңгейін көрсету; колледжде Worldskills стандарттарына сәйкес жүзеге асырылған инновациялық технологияларын білім беруді жоспарлау мен ұйымдастыруда оқу үрдісіне енгізу. Семинарға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ «Техникалық және кәсіптік білім беру» кафедрасының әдіскері Е.Сейілхан және облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері мен әдіскерлері қатысып, алғы сөзді колледж директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Байназарова алып, тәжірибелік семинардың мақсатымен таныстырып шықты. Семинар барысында World Skills талаптары бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізудің негізі мен ерекшеліктеріне, құзыреттіліктер бойынша демонстрациялық емтиханның бағалау құжаттарына толықтай мәліметтер беріліп таныстырылды. Сонымен қатар, «CIS автоматтандырылған бағалау жүйесін демонстрациялық емтиханда қолдану және бағалау негіздері» тақырыбында практикалық жұмыс көрсетілді. Колледждің «Әрлеу және декоративті жұмыстар» құзыреттілігі бойынша «Арнайы пән кабинетінде әрлеу және декоративті жұмыстарын жүргізу»; «Ағаш шебері» құзыреттілігі бойынша «Ағаш терезені жинақтау» және Сенімгерлік компания «DAIA-CONSTRUCTION.KZ» өндірістік базасында «Автокран машинисті» біліктілігі бойынша демонстрациялық емтихандар көрсетілімі өткізілді. Сондай-ақ «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша республикалық WorldSkills ұлттық чемпионатқа дайындық жұмыстарынан практикалық жұмыс көрсетілді.Семинар қорытындысында барлық қатысушылар колледж түлегi үшiн демонстрациялық емтиханды тапсыру жұмысқа орналасу кезiнде нәтижелі артықшылықтың бiрi екендігі, бұл ретте колледж өзiнiң білім бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасының сапасын көбiрек әдiлдiкпен бағалай алатындығы, World Skills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан үздік әлемдік практикаларды пайдалана отырып, қорытынды және аралық аттестаттау шеңберінде түлектерді бағалау әдістерінің бірі болатындығына кеңінен тоқталып, тәжірибе, ұсыныстарымен бөлісті.