
04.05.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің кітапханашысы Н.Палуанова Ұлы Жеңіс мерекесіне орай “Ұлы Жеңіс жасасын!” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: Білім алушыларды адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ерліктерімен таныстыру. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Жеңіс сыйлаған ардагерлерге мың тағзым! Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жер дүниені дүр сілкіндірген соғыс өртінің сөнгеніне биыл 78 жыл толып отыр. Жыл өткен сайын ардагерлердің саны азайғанымен, олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ.