
19.04.2023ж. ДІНИ АХУАЛДЫ ЖЕТІЛДІРУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы кереғар діни ағымдардың алдын алу» бағытында колледж білім алушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізді.Мақсаты – жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары қатысып, түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары мен оның алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.