
1.09.2021 жыл. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі алаңында 1 қыркүйек – Білім күніне орай “Тәуелсіздікке қол жеткізу“атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, алғашқы құттықтау сөзді колледж директоры Н.А.Калиева ашып, жаңадан қабылданған 1-курс студенттеріне сәттілік тіледі.