
22.09.2021ж. Түркістан индустриалды – құрылыс колледжінде «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу» тақырыбында Шымкент қалалық КПД Енбекші аудандық ішкі істер бөлімі инспекторы полиция аға лейтенанты Д.Усипбаев колледж білім алушыларына баяндама оқып, кері байланыс орнатты. Іс шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау және оны алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының білім алушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқықбұзушыларды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтінінде айтып өтті.