«DALA-CONSTRUCTION» ЖШС-і колледж студенттерінің өндірістік іс –тәжірибеден өтуін қолға алды.

МКҚК «Түркістан  Индустриалды-құрылыс колледжі» 2020 жылы қаңтар айында сатып алу құқығынсыз «DALA-CONSTRUCTION» ЖШС-да сенімгерлік басқаруға берілді. Алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға  колледж бен компанияның екі жақты келісімімен стратегиялық жоспар жасалды. Бүгінгі таңда аталған мекеме басшысы Болатбек Нажмеддинұлы Алиевтің бастамасымен стратегиялық жоспарға сәйкес бір қатар ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Атап айтсақ,    «DAIA-CONSTRUCTION» ЖШС колледж  студенттерінің  өндірістік іс –тәжірибеден өтуін қолға алды. Қазіргі таңда студенттер келесі мамандықтар бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өтуде. Өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында білім алушылар өздерінің кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, сол уақыт аралығында жасаған жұмыс көлеміне қарай еңбек ақы алуда. Сондай-ақ, үздік нәтиже көрсетіп, жетістіктерімен танылған білім алушыларымыз маман ретінде жұмыспен қамтылуда. Студенттердің қазіргі таңда алып жатқан айлық жалақылары 60 000 теңгеден 100000 теңге  көлемінде болса, өндірістік оқыту шеберлері  150 000 теңгеден жоғары   айлық жалақыларын алуда. Бұл білім алушылар тарапынан іс тәжірибе жинақтай отырып, табыс табу көзі ретінде қызығушылықтарын оятуда.

Дуальды оқыту жүйесінің талабына сәйкес, үш жақты келісім шарт жасап, қазіргі нарық заманында бәсекелестікке қабілетті және жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлауды мақсат етіп, оның уақытында жүйелі жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп отыр. Колледжбен «DALA-CONSTRUCTION» ЖШС мекемесімен бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесіндегі қарастырылған қаражатты  директордың өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары И.Харахордин жұмыс атқарған білім алушылар мен өндірістік оқыту шеберлерлеріне табыстады.

«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының Құрылыс шебері, сылақшы біліктіліктері бойынша студенттер өндірістік оқыту шебері Г.Мамырованың жетекшілігімен Шымкент қаласы, Нұрсат 2 мөлтек ауданындағы 9 қабатты тұрғын үй құрылысында  тәжірибеден өтуде. Аталған құрылыс нысанында студенттер әрлеу   жұмыстарын жүргізуде.

«Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» (түрлері бойынша) мамандығының – Автомобиль кранының машинисі біліктілігі бойынша да Түркістан және Шымкент қалаларында ірі құрылыс нысандарында бітіруші топ студенттері өндірістік іс- тәжірибеден  өтуде. Бұл жерде де жұмыс көлеміне қарай 200 000 мың теңгеге жуық  еңбек ақы тағайындалып, колледж студенттерінің өндірістік тәжірибеден өтуі ұжымды ғана емес ата-аналарды да қуантуда.

Қазіргі кезде оқытудың дуальды жүйесі – техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау.