“Отан отбасынан басталады”

17.05.2021 ж. “Отан отбасынан басталады” деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды. 15 мамыр – халықаралық Отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.Отбасы, махаббат және адалдық күні – біздің өміріміздің негізгі күні, ең жарқын және шынайы сезімдер күні. Барлық Қазақстандықтарды шын жүректен Отбасы күнімен құттықтаймыз! Өзіңнің отбасыңды сақта, бір-біріңе сеніңдер және жақсы көріндер, отбасыларыңа қамқор болыңдар. Әр үйде бейбітшілік, жақсылық, қуаныш пен бақыт орнасын!