
12.09.2024ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында, топтар арасында «Ана тілім – арым бұл!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп, құрметтеп үйрене бастаймыз. Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі.
Топ сағатының мақсаты: туған елін, жерінсүйуге, еліне деген сүйіспеншілік көзқарас қалыптастыру.
