
19.01.2024ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінен облыстық «WorldSkills Түркістан – 2024» чемпионатына «Сылау және әрлеу жұмыстары» және «Визуалды мерчендайзинг» құзіреттіліктері бойынша дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Құзіреттіліктік сарапшылары Е.Табакова мен Е.Шереметьева чемпионатқа қатысушы студенттеріміздің практикалық шеберліктерін шыңдап, жұмыстардың уақытқа сай, әрі сапалы орындауларына аса көңіл аударуда. Сарапшылар өз кезегінде қатысушыларға байқаудың тапсырмаларын толық оқып, құралдарды дұрыс қолдануды, жұмыс орнын жинақтау сондай ақ, байқау барысында әдеп пен этиканы сақтау сияқты жан-жақты дайындықтарын шыңдауда. Қатысушылар мен сарапшыларға облыстық чемпионатта үлкен нәтиже көрсетеді деген сеніммен сәттілік тілейміз.