
18.01.2024ж. Түркістан облысы прокуратурасының №2-12-23-15150 хатына сәйкес, Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде Шымкент қаласы Аль-Фараби АПБ ЖПҚ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Х.И.Юсуповтың қатысуымен және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.П.Шайхыбекова, ЖІЖ төраға Б.Аязхан колледж білім алушыларына, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда жастар арасындағы қызу талқыланып жатқан Ресейлік өнім «Слово пацана. Кровь на асфальте» секілді телехикаялардың жастардың сана сезіміне кері әсері тигізетінін және бұндай дүниелердің түбі қылмысқа алып келетінін, қылмыстың соңы міндетті түрде жаза екендігі жайында түсіндірілді. Қашан да, еліміздің болашағы жастар екендігі белгілі. Десек те, осы жастардың тәрбиелік тұрғысынан дамуына аса мән беруіміз тиіс.