Тігінші

04.01.2023 ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің ұжымымен халық қалаулысы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлымен кездесті. Болатбек Нажметдинұлы колледждің оқу өндірістік базасы, оның ішінде «Тігінші» мамандығы бойынша өз-өзін қаржыландыру мақсатында тігін цехының жаңа құрал-жабдықтарымен және колледждің территориясында салынып жатқан жазғы спорт кешенінің құрылысымен танысты. Кездесуде Болатбек Нажиметдинұлы колледж оқытушыларының жалақы мәселесін қозғап, алдағы уақытта оң шешімі табылатындығын және ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында жауап берді. Кездесу соңында мәжіліс депутаты ұжымға білім мен біліктіліктің сапасын басты назарда ұстауды ұсынып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *