Жасыл экономика

19.12.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің Жаратылыстану және экономикалық ПЦК апталығының жоспарына сәйкес 2 курстар арасында экономика пәнінің оқытушысы Орынбасар Нұрислам «Жасыл экономика» тақырыбында дебат өтті. Мақсаты: Білім алушылардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Экономика пәнінен алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Экономикадан білімдерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, бір–бірін құрметтеуге, білімін толықтыруға бағытталған пікірталас болды. Дебатта барлық 2-команда да белсенділік танытып, кезеңдерінің тапсырмалары орындалды. “Шын мен шың” фракциясы үкімет және “Парасат” фракциясы оппозиция тобы пікір айтып, аргументтерімен дәлелдерін көрсетті. “Шын мен шың” командасы жеңіске жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *