Тілі бірдің-тілегі бір

11.09.2023ж. Түркістан Индустриалды- құрылыс колледжінде 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай Гуманитарлық ПЦК оқытушылары және көркемдік жетекші Ұ.Бақбердиеваның ұйымдастыруымен “Тілі бірдің-тілегі бір” тақырыбында шығармашылық кеш өткізілді. Шығармашылық кештің мақсаты- мемлекеттік тілдің мәні мен маңызын ұғындыру. Шығармашылық кеште қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұрашова Айгүл Қасымханқызы Республикалық бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған “Ана тілім-айбыным” тақырыбындағы эссені үлгі ретінде оқып, білім алушыларды сауатты эссе жазуға шақырды. Орыс тілі пәнінің оқытушысы Абдыханова Сауле Кибраевна “Язык-духовное богатство нации”, “Интересные факты о казахском языке” тақырыбында баяндама оқып, білім алушылармен сұрақ-жауап арқылы ой бөлісті. Мерекелік іс шара қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақпақтар, монологтар, мақал-мәтелдер, өлең айтып, домбыра тартумен жалғаса түсті. Барлық топтарда “Тіл- татулық тірегі” тақырыбында эссе-шығармалар жазылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *