
12.05.2023ж. Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің Жаратылыстану ғылыми пәндер ПЦК апталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 12 мамыр күні 1 курстар арасында физика пәнінің оқытушысы Джумабекова Ләззат Серікбайқызы «Физика әлемінде» атты сайыс сабақ өтті. Мақсаты: Білім алушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, шығармашылық ізденісін байқау. Физикадан және басқа пәндерден алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу, білімдерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, бір–бірін құрметтеуге, білімін толықтыруға бағытталған сайыс сабақ болды. Сайыс сабақта барлық білім алушылар белсенділік танытып, сайыс кезеңдерінің тапсырмалары орындалды. Сайысқа қатысқан барлық білім алушылар марапатталды.