«Білім беру бағдарламаларын дайындауда әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

2021-2022 оқу жылы 03 қыркүйекте Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде «Білім беру бағдарламаларын дайындауда әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарда оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу процесін қамтамасыз ету және оқу процесіне одан әрі енгізу мақсатында «Talap» КЕАҚ берген ұсынымдарға сәйкес мамандықтар бойынша білім бағдарламасының паспорты, оқу жұмыс бағдарламаларын дайындау және оны оқу үрдісіне енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Сондай ақ оқытушылардың жұмыс оқу бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, білім беру контентін қалыптастыру және өзектендіру бойынша жұмыстарды жалғастыру туралы айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *