“Отан – отбасынан басталады” тақырыбында топ сағаты

15.05.2021ж. Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі 20-10 тобының топ жетекшісі Темірбаева Нұржамал 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні аясында “Отан – отбасынан басталады” тақырыбында топ сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату. Әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау. Баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы. Патриоттық көзқарасын қалыптастыру.